Ашық сабақтар
Әлеуметтік педагогтың ашық сабағы
25.02.2026
Сабақтың мақсаты: Балалардың ұсақ моторикасын, танымдық белсенділігін, логикалық ойлауын, зейінін, шығармашылық қабілеттерін және қолдың үйлесімді қимыл-қозғалысын дамыту.
Сабақ барысында баламен құм бетіне саусақпен әртүрлі сызықтар, геометриялық пішіндер мен қарапайым бейнелер салып, тактильді сезімталдықтарын, қиялын және қол қимылдарының дәлдігін дамыту жаттығулары орындалды және түрлі түсті моншақтарды көлемі мен түсіне қарай іріктеп, жіпке тізу жұмыстары жүргізілді.

Мұғалім—дефектологтың ашық сабағы
16.02.2026
Сабақтың мақсаты: Балаға тіс күтімі мен ауыз қуысы гигиенасының маңызын түсіндіру, тісті дұрыс тазалау дағдысын қалыптастыру, ұсақ моторикасын, сөйлеу тілін, танымдық қабілеттері мен сөздік қорын дамыту.
Сабақ барысында баламен жеке жұмыс жүргізілді. Алдымен тістің адам денсаулығындағы маңызы туралы әңгімелесу ұйымдастырылды. Көрнекі суреттер мен дидактикалық материалдар арқылы тісті таза ұстаудың қажеттілігі түсіндірілді. Бала тіс щеткасы мен тіс пастасының қызметімен танысып, тісті дұрыс тазалау ретін үлгі бойынша орындады.


Мұғалім-дефектологтың тәрбие сағаты
01.03.2026
Тақырыбы: «Алғыс айту – парызым»
Мақсаты: Балалардың «алғыс», «ризашылық», «қамқорлық», «сыйластық» ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту, үлкендерді құрметтеуге, достарына, ата-анасына және ұстаздарына алғыс айта білуге тәрбиелеу.
Балалармен «алғыс айту» сөзінің мағынасы, оның адам өміріндегі маңызы туралы пікір алмасу ұйымдастырылды. Күнделікті өмірде ата-анаға, ұстаздарға, достарына және айналасындағы адамдарға алғыс білдірудің маңыздылығы түсіндірілді.

Мұғалім-логопедің тақырыптық сабағы
12.04.2026
Тақырыбы: «Ғарыш әлемінің құпиялары»
Мақсаты: Баланың ғарыш туралы түсінігін кеңейту, танымдық қызығушылығын арттыру, сөздік қорын дамыту, зейінін, есте сақтау қабілетін, логикалық ойлауын және шығармашылық белсенділігін қалыптастыру.
Сабақ барысында шығармашылық тапсырмалар орындалды: ғарыш кемесінің, жұлдыздардың, ғаламшарлардың бейнесін құрастырды немесе сурет салды. Бұл жұмыстар барысында ұсақ моторикасы, қолдың икемділігі, қиялы және өз ойын жеткізу қабілеті жетілдірілді.








