Педагогикалық кеңес

23.01.2026

         Тақырыбы: Нумикон құралы арқылы балалардың математикалық ойлау қабілетін дамыту          Кеңес барысында нумикон құралын қолданудың негізгі бағыттары түсіндірілді. Атап айтқанда, балалардың сандарды тануы, санау дағдыларының қалыптасуы, салыстыру, топтастыру, сәйкестендіру, кеңістікті бағдарлау және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту жолдары көрсетілді. Сонымен қатар, түзете-дамыту сабақтарында қолданылатын практикалық тапсырмалар мен ойын жаттығулары таныстырылып, педагогтермен тәжірибе алмасу жүргізілді