«Қош келдің, Әз Наурыз!» мерекелік іс-шара
19.03.2026
Мақсаты: Балаларға Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесінің маңызын түсіндіру, ұлттық салт-дәстүрлерді құрметтеуге тәрбиелеу, ұлттық құндылықтарға қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
«Қош келдің, Әз Наурыз!» атты мерекелік іс-шарада балаларға Наурыздың мәні, көктемнің келуі, табиғаттың жаңаруы және халықтың бірлігі мен татулығы туралы түсінік берілді Мерекелік орта ұлттық нақышта безендіріліп, балалар қазақ халқының салт-дәстүрлерімен таныстырылды.
Іс-шара барысында балалар Наурыз мерекесіне арналған тақпақтарын айтып, әндер орындады, ұлттық билер биледі.







