«АЛТЫН КҮЗ – БЕРЕКЕЛІ КҮЗ»
22.10.2026ж. Бүгін мекемемізде «Алтын күз» мерекелік іс-шарасы өтті! Мереке барысында балалар күз туралы тақпақтар айтып, билерін билеп, Қарқаралы қаласының балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының «Ер Тарғын» қуыршақ театры үйірмесінің жас өнерпаздары сахналаған «Үйшік» және «Шалқан» ертегілерін тамашалады.
Іс-шара аясында күз тақырыбындағы қолөнер көрмесі ұйымдастырылып, балалардың шығармашылық жұмыстары таныстырылды. Үздік жұмыстар марапатталып, көрмеге қатысқан барлық балаларға алғыс хаттар табысталды.







